"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ертегілермен кездесу" ойын- сауық

26.07.2019

Мақсаты:  таныс ертегілерін естеріне түсіруге көмектесу; балалардың сөздік қорларын дамыту; ертегілерге қызығушылықтарын арттыру, мейірімділікке, достыққа тәрбиелеу.

Барысы: Ертекші ширманың артынан шығады: -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Мен сендерге қонаққа келдім, өйткені сендер ертегілерді  жақсы көресіңдер. Балалар, ертегілер бізге не үшін керек? Ой, мына шарлар бізге қайдан пайда болды? Бізге ұшып келіпті ғой. Балалар, қараңдаршы, бізге бұл шарлар хат әкеліп тұр ғой. Бұл хат Феялардан екен. Қане, оқиын: «Құрметті балалар, Мыстан кемпір барлық ертегілерін шатастырып, сиқырлап тастады. Біз сендерден көмек сұрап тұрмыз»

Ертекші: Балалар, Феяларға көмектесеміз бе? Ендеше біз ертегілер еліне аттанайық. Мынау тұрған сиқырла шарлар арқылы. Қазір осы шарларды бір-бірімізге бере отырып, біз ертегілер әлеміне тап боламыз.

Ойын «Сиқырлы шарлар»

Ертекші: Міне, ертегілер әлеміне ұшып келдік. Біздің алдымызда кедергілер тұр екен. Қазір сендер шапшаңдықтарыңды көрсетіп, кедергілерден жылдам өтейік. 

Ойын «Кім шапшаң?»

Мыстан шығады: -Сәлем, достарым. Сендер мені іздеп жүрсіңдер ғой деймін. Сиқырлы айнам айтып берді. Феяларға көмекке келе жатырсыңдар ғой. Бірақ мен сиқырымды  оңайлықпен қайтармаймын. Сендер менің тапсырмаларымды орындап беріңдер, сосын көре жатармын. Ал бірінші тапсырмам ертегі кейіпкерлері туралы жұмбақтар. Қазір мен сендердің білімдеріңді тексеремін.

1.Қашып кеткен атадан,

Қашып кеткен ападан.

Орманда кеше жүр едім

Домалап шықты алдымнан (Бауырсақ)

2.Кедей еді бұл бала,

Айы туды оңынан.

Жын шығады керемет

Сиқырлы оның шамынан (Алладин)

3.Үй жинаған ұқыпты,

Бір қыз бопты ертеде.

Тыңдамаған мысықты

Салыпты ғой әлекке (Мақта қыз бен мысық)

4.Кішкене қыз орманда

Жалғыз өзі барады.

Апасына қартайған

Дәмін салып алады (Қызыл телпек)

5.Аяғын тұсаулап,

Кемпір оны ұстауды.

Желмен ұшар желпілдеп

Босап кетсе бұл шалы (Қаңбақ шал)

Мыстан: Екінші тапсырмам: «Сиқырлы сандық» ойыны.

Мыстан: Қандай ақылды балаларсыңдар! Крабли-крабли-бумс! Әлі де ертегілеріңнің сиқырын қайтармаймын. Менімен бір ойын ойнаңдар.

Ойын: «Қызыл телпек пен қасқыр»

Бауырсақ кіреді, бірақ сиқыршының артына тығылады.

Сиқыршы: Бауырсақ, сен неге көңілсізсің?

Бауырсақ: Мен достарымды жоғалттым. Мыстан оларды сиқырлады.

Мыстан: Иә, жалғыз қалсаң, мен үйіме бір ұшып барып келгенше, достарыңды өзің тауып ал.

Бауырсақ: Балалар, мен қандай ертегіден келдім? Маған сол достарымды тауып беріңдерші.

Ертекші: Балалар, бауырсағымызға көмектестік, енді көңіл-күйін көтеріп, оның әнін орындап берейік. (Бауырсақтың әнін орындау)

Мыстан келеді: Крабли-крабли-бумс! Ертегілерін бұдан да қатты сиқырлаймын. ,

Ертекші: Мыстан, біздің балалар өте өнерлі, тапқыр. Сенің тапсырмаларыңнан қорықпайды.

Мыстан: Көреміз, көреміз. Ал онда маған бір ертегіні сахналап берсінші. Мен тамашалайын.

«Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналау.

Мыстан жылайды: Менің сиқырым күшін жоғалтты. Мен енді жалғыз қалдым.

Ертекші: Мыстан, сен ашуыңды бас, бізбен дос болып, жаман істер жасама. Келістік пе?

Мыстан: Иә.

Ертекші: Балалар, Мыстанның көңілін көтеріп ойындар ойнайық.

Ойын: «Аңдардың қимылы»

Ойын: «Кім жылдам?»

Гном кіреді: Рахмет балалар! Сендер ертегі әлеміндегі кейіпкерлерге көмектестіңдер.Мен де сендерге асығып жеттім, ризашылығымды білдіріп, сендермен бір би билегім келіп тұр.

Би «Гном»

Ертекші: Ал, біз өз көмегімізді көрсетіп, ертегі кейіпкерлерімен кездестік. Балалар, сендерге саяхат ұнады ма? Жақсы. Әрқашан жақсы істер атқарайық, бір-бірімізбен дос болайық. Келген жолымызбен балабақшамызға қайтайық. Сиқырлы шарларымыз қайда? Бізді ұшырып апарсын. 

Просмотров: 430


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст