Тақырыбы: Шеберлер елінде
Микки маус қыдырып келе жатып, алдынан балалар кездеседі.
Микки Маус:Салеметсіздер ме, құрметті кішкентай балапандар!Сіздер қайда және қай жерге бара жатырсыздар ?.
Балалар: Біз «Болашақ» балабақшаның балаларымыз «Шеберлер еліне саяхатқа» бара жатырмыз.
Микки Маус: Менде,сіздермен барып қайтайын.Қандай өзгерістер мен жаңалықтар бар екен. Балалар,көңіл-күйлеріңіз қалай?
Балалар:Көңіл күйіміз жақсы.
Микки Маус:Көңіл күйлерің одан да керемет болсын десеңдер, менімен бірге билейсіңдер ме?
Балалар:Ия,билейміз.
Би «Қыдырып,алайық»
Микки Маус: Қалай көңіл күйлерің көтерілді ме?
Балалар:Ия.
Микки Маус: Ал, енді бірге саяхатқа шығайық.
Суретші шығады.
Суретші:Салеметсіңдер ме ,балалар!Менің сурет салатын шеберхана ма қош келдіңдер!
Балалар:Салеметсіз бе Суретші ағай..
Суретші: Мен шеберханамда өте көптеген сурет саламын, сурет салғанды қатты ұнатамын.Ол менің сүйікті ісім. Суретте мен мына құралдарды пайдаланамын (атап шығады) Бояулар,гуашь,акварель,қағаз,мольберд,қылқалам,қарындаш
Суретші:Қандай керемет балаларсыңдар! Құралдардың барлығын біледі екенсіңдер. Ал, сендер жұмбақ жасырғанды ұнатасыңдар ма? Ендеше, мен жұмбақ жасырамын, сендер жауабын айтып беріңдер.
Жұмбақтар :
Адамның жүзін
Басы мен көзін.
Айнытпай келбетін,
Салатын кім суретін? (Суретші)
Алдым да әр түрінен жібек жіптің,
Аспанға әшекейлеп кесте тіктім (Кемпірқосақ)
Балалар:жауабы.
Суретші:Жарайсыңдар! Мен де жай отырмаймын ғой, мына менің құралдарым жан-жаққа шашылып кеткені. Соларды жинап беруге көмектесесіңдер ме?
Ойын «Құралдар жинау»
Суретші:Қандай керемет, рахмет. Сурет салуды жақсы көресіңдер ме?
Балалар: Ия,жақсы көреміз. Қазір мен сендермен мынадай ойын ойнаймын.
Ойын шартын түсіндіріп өту.
Ойын: «Сурет салу»
Суретші: Керемет шапшаң екенсіңдер. Ал, келесі ойынымыз мынадай:
Ойын : «Натюрморт»
Микки маус: Міне, біздің балалар осындай епті, шапшаң. Ойын дегенді қатты ұнатады. Біздің тағы қандай өнеріміз барын көргіңіз келе ме? Балалар сізге өз қолынан гүлдерден жасаған бас киімдерін жасап келіпті. Бас киімдерді көргіңіз келе ме? Ендеше, қабыл алыңыз! Кәне, ортаға шығып шақырайық.
«Гүлдер шеруі» дефиле.
Суретші: Ой, мынау деген керемет екен. Маған да осындай бір әдемі бас киім жасап әкеліңдер. Қандай әдемі, неткен ғажапсыңдар.
Микки маус: Ой, ол да сөз болыппа? Келесі келгенде міндетті түрде бас киім жасап әкеліп береміз. Ал, суретші,біздің кететін уақытымыз таяп қалды,сізге көп-көп рахмет. Енді, мына балалармен билеп жіберіңіз.
Музыка әуенімен балалар флеш билеп, өз бақшаларына қайтады.