"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мұрагер" клубы, "Тәй-тәй, бөпем" жас ата- аналар клубы, "Біз мектепке барамыз" мектебі, "Жан жылуы" кеңес орталығының №1 отырыстары өтті.

28.10.2022

«Біз мектепке барамыз» атты ата-аналар мектебі

Тақырыбы: «Кішкентай зерттеушілер»

Мақсаты: Эксперименттік қызмет арқылы балалардың қоршаған ортамен таныстыру барысында ата-аналардың қызығушылығын арттыру.

20-қазан күні  мектепалды, ересек топтары «Біз мектепке барамыз» атты ата-аналар мектебінің отырысын өткізді. Жиналысымыздың күн тәртібінде мынадай мәселелер талқыланды:

  1. Гүлмира Амангелдіқызы ата-аналарды тренингке шақырып, топта балалармен жүргізілген «Балалардың зертханалық жұмысын» слайдпен көрсетті.  
  2.  Мадина Маханқызы  ата-аналармен  тәжірибелер жүргізді. Олар: «Вулкан»,  «Кемпірқосақ»,   «Сиқырлы бояулар».
  3. «Үй жағдайында балалармен эксперимент жүргізу» атты кеңесті Асия Мақсұтқызы оқыды.

«Сұңқар» «Айгөлек» тобының ата-аналары өз ризашылықтарын білдірді.  «Жұлдыз» тобының ата-анасы Әділдің анасы қол моторикасына арналған тәжірибесімен ата-аналармен, тәрбиешілермен бөлісті. «Біз мектепке барамыз» ата- аналар мектебінің отырысы ата-аналардың көңілінен шықты. Үйде  балалармен тәжірибе жасап, кері байланыс жіберілді. Осындай зертхналық жұмыстар болып тұрсын деп, ұсыныстар білдірді.

«Мұрагер» ата-аналар клубының №1 отырысы.

Тақырыбы: «Балабақшадағы зертхана» бұрышындағы қызықты тәжірибелер.

Күн тәртібі.

1.Тренинг: «Көңілді ата-аналар»

2.Слайд көрсету, видео ролик көрсету. (балалардың тәжірибелерінен)

3.Қызықты іс-тәжірибе жасату.

4.Ойын: «Іс-тәжірибенің пайдасы» коллаж.

5.Рефлексия: «Сиқырлы саусақтар»

 2022 жылдың 20-шы қазанда  «Мұрагер» ата-аналар клубының №1 отырысы өтті. Бұл клубқа: «Айналайын», «Балапан» ортаңғы топтары, «Ақжелек» санаторлық топтары кіреді. Отырысымызды көңілді тренингпен бастадық. Ең алдымен, әр топтың ата-аналары бір-бірімен амандасып, танысып алды. Содан кейін, әр ата-ана өз балаларының есімдерін атап, бала есімінің бас әріпі қай дыбыстан басталса, сол дыбыстан басталатын әдемі сөздерді айта білді. Солайнан, ойынымыз жалғаса береді.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша, балалардың іс-тәжірибелерінен ата-аналарды слайд тамашалауға, керемет видео тамашалауға шақырдық. Балалардың іс-тәжірибе жасаған видеоларын көрген ата-аналардың қуаныштарында шек болмады.

Ата-аналарға қызықты тәжірибе жасаттық. Тәжірибені керемет мақалмен бастадым:

«Дала гүлімен қадірлі,

Әйел ұлымен қадірлі.

Гүл сабағымен қадірлі,

Ас табағымен қадірлі»

Тәжірибенің аты: «Сиқырлы гүлдер» деп аталады.

Тәжірибе жасау барысында ата-аналар өздерін бала сияқты сезініп, қуанып қалды. Ендігіде, осындай тәжірибелерді үйде өз балаларымен жасайтындары туралы айтты.

Келесі мәселе бойынша ата-аналармен қызықты ойын ойнадық.

Ойын: «Іс-тәжірибенің пайдасы» коллаж жасау керек. Шарты: қағаз бетіне іс-тәжірибенің бала өміріне қандай пайдасы бар екен? Екі топқа бөлінген ата-аналар, өз жұмыстарын қорғап шықты.

 Соңғы мәселе рефлексия. Ата-аналарға алдарыңызда жатқан ақ қағазға өз саусақтарын салғыздық. Әр саусаққа бүгінгі жиналыстан алған әсерлерін жазғыздық. Сонымен қатар, бағдаршамның үш түсін алдық:

 қызыл, жасыл, сары.

Егер бүгінгі жиналысымыз пайдалы әрі қызықты болса, саусақтың ішін қызыл түске бояйсыздар. Жиналысымыз орташа деңгейде  өтсе, сары түске бояйсыздар. Жиналысымыз көңіліңізден шықпаса, жасыл түспен бояу керек екенін түсіндірдік. Әр ата-ана өз саусақтарын салып, тілектерін жазып, тиісті түске бояп шықты.

Осылайнан, «Мұрагер» ата-аналар клубының №1 отырысы ойдағыдай аяқталып, ата-аналар өз ризашылықтарын білдірді.

Просмотров: 210


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст