КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Алтын күз" мерекесі мен Республика күніне арналған ертеңгіліктер мен ойын- сауықтар өтуде.

28.10.2022

«Алтын күз» мерекесіне арналған өткізілген мерекелік ертеңгіліктер.

2022 жылдың қазанның 27-28 күндер аралығында «Болашақ» бөбекжайында 7 топ арасында «Алтын күз» мерекесіне арналған ертеңгіліктер өтті. Ертеңгіліктер ертеңгілік қойылым түрінде, ойын-сауық ретінде өткізілді.  Тәрбиешілер сан түрлі кейіпкерлерге оранып шеберліктерін көрсете білді.

«Айгөлек» ересек тобында балалардың сүйікті мультфильмі Елдос пен Аяжан мерекеге келді. Балалар өз өнерлерін көрсетті. «Шалшықтан секіріп өт, күзгі жел» ойындары қызықты, балалар қызыға ойнап, қатысты.  Қыздардың мың бұралған «Бидай» биі тамсандырды. Ата-аналар мерекені тамашалауға келді.

«Балапан» ортаңғы тобы патриоттық әнмен бастады. Балалар Отан, туған жер туралы жыр-шумақтарын айтты. Патриоттық ойындар ойнатып, балалардың жүректеріне патриоттық сезімдерін оята білді.

«Жұлдыз» мектепалды тобында «Джентельмендер», «Жаңбыр» билері көз тартарлық. Қыздардың киімдері ата-аналарының көмегімен қолдан жасалған күз мезгіліне байланысты етіп жасалынған. «Сәлем» әнін жақсы орындап шықты.  Барлық топтар өз мүмкіншіліктеріне қарай «Алтын күз» мерекесін өткізді. Балалардың киімдері көз тартарлық. Ата-аналар мерекеге қатысты. Өз ризашылықтарын білдірді.

                                                                                                      

                                                                                      

                                                                   

                

                                                                            

                                                  

                                               

Просмотров: 192


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст