Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Білім еліне саяхат
Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін жинақтау. Сөйлеу әрекетін, есте сақтау қабілеттерін, сабаққа деген қызығушылықтарын дамыту. Балалар арасындағы қарым-қатынас,қиын кезде біріне-бірі көмекке келу,бауырмал болу сезімдерін тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Көрнекі құралдар: суреттер,үлестірмелі материалдар, бұршақ ұнтағы.
Мотивациялық қозғаушылық: Тақтаға күннің көзінің суреті ілінеді.
Балалардың ойынға деген қызығушылықтары арта түседі.
Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші: Балалар, мен сендерді саяхатқа шақырамын.Саяхатқа бару үшін бізге алдымен көлік керек? Қандай көлік түрімен барамыз?
Балалар: Пойыз.
Тәрбиеші: Олай болса, саяхатқа кеттік. Балалар, кішкене бір-бірімізге жақсы көңіл-күй сыйлап, шаттық шеңберін жасайық.
Шаттық шеңбер:
Қане,қане тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық
Қолымызды ұстайық,
Күн сәулесін жасайық.
-Қане,балалар бір-біріміздің қолымыздан ұстап,күн жасайықшы.Күн жарқырап шыққан кезде біздерге шуағын шашады.
«Ғажайып сәт» : Сиқыршы келеді.
Сиқыршы: Менің еліме кімдер келді? Кім мұнда?
Тәрбиеші: Қорықпаңыз, біз сіздің достарыңызбыз. Сәлеметсіз бе!
Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме, менің кішкентай достарым.
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Сиқыршы: Білім әлеміне қош келдіңдер! Келгендерін жақсы болды. Маған көмек беруге осындай балалар керек болып тұр.Мен өзімнің сиқырлы жұлдызшларымды таба алмай, әбден шаршадым.
Тәрбиеші: Уайымдамаңыз, біз сізге көмектесеміз, солай ғой балалар.
Балалар: Иә
Сиқыршы: Рақмет. Сендер менің жұлдызшаларымды табуып, жақсы көңіл-күй сыйлайсындар деп ойлаймын. Менің де сендерге сыйлығым бар. Алдымен, ол үшін тапсырмалар тізбегін орындау қажет.
Тәрбиеші: Біз дайынбыз.Иә,балалар.
Балалар: Иә
Тәрбиеші: Балалар,бір топ болып, достығымызды көрсетіп орындасақ, тезірек табамыз.Ол үшін шапшаң болуымыз керек.
1 тапсырма: «Тіл дамыту, ой дамыту»
Қазір жылдың қай мезгілі?
Балабақшаның аты қалай аталады?
Балабақша туралы қандай тақпақ білесіңдер?
2 тапсырма: «Кім зерек»
3 тапсырма: «Тазалықтың достарын тап»
4 тапсырма: «Көліктерді орналастыр»
5 тапсырма: «Жемістер мен көкөністерді топтастыр»
Музыка әуенімен балалар, жемістерді бір себетке, көкөністерді бір себетке жинап береді.
6 тапсырма: «Төлдерін тап»
Бұршақ ұнтағының арасында үй жануарларының төлдерінің суреті болады.
Әрбір бала ұнтақтың арасынан тауып алып, оларды атап береді. Балалар, дұрыс жауап беріп, сол ұнтақ арасынан сиқыршының екі жұлдызшасын тауып алғанға қуанып қалады. Жұлдызшаны сиқыршыға табыс етеді.
Сиқыршы болса, қуанып жұлдызшасын алып, балаларға рақметін айтады.
Балаларға өзінің дайындаған сыйлығын береді.
Рефлексивті-түзетушілік: Балалар,біз қайда бардық?
Саяхат ұнады ма?
Саяхатта кіммен кездестік?
Сендерге кім сыйлық берді?
Жарайсыңдар,балалар.