"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Сиқырлы жаңа жыл" 2 кіші тобындағы ертеңгілік, тәрбиеші Смагулова Г.А.

05.02.2020

Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз ата мен әжеге қонаққа барамыз. Ата мен әжені жаңа жыл  мерекесімен құттықтауға барамыз.

Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Музыка ырғағымен балалар, залға кіреді.

 

Ата, әже: Қош келдіңдер, балалар! Төрлетіңдер!

Балалар: Сәлеметсіздер ме!

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме! Жаңа жылдарыңызбен!

Ата, әже: Біз  сендерді  сағынып отырмыз. Жаңа  жыл  мерекесіне  дайындалып жатырмыз.

Шашу ретінде би  мишурамен.

Әже: Жаңа жылдық бәліш пісіремін.

Тәрбиеші: Ата,әже, олай болса немерелеріңіздің өнерлерін тамашалаңыздар.

Тәрбиеші: Балалар, әже бізге тәтті бәліш  пісіргенше,  мерекеге арналған әндерімізді айтып, билерімізді билеп, ата мен әжеге жақсы көтеріңкі көңіл сыйлайық.    

Тәрбиеші: Армысыздар, құрметті ата-аналар, қымбатты ұстаздар, кішкентай бүлдіршіндер! Сіздерді келіп жеткен жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл береке мен бірлік, жақсылық пен қуаныш әкелсін.

 

Қош келдіңіз бүгінгі жаңа жыл кешімізге,

Жаңа табыс тілейік ісімізге.

Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,

Мына  отырған барша жан бәрімізге – дей отыра «Ботақан» екінші кіші тобының « Сиқырлы жаңа жыл!» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.

Тәрбиеші: Балалар, айналамызға қарайықшы қандай әдемі.Ата мен әже үйдің ішін мерекеге сай безендірілген. Ортада үлкен әдемі шыршамыз тұр.Шыршамызға көп ойыншықтар ілінген. Бүгін, қандай мерекені атауға келдік?

Балалар: Жаңа жыл мерекесі.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Жаңа жыл- ең қызықты, қуанышты, ерекше мереке. Өйткені, бұл күні жер шарымызды ертегі аралайды. Ертегі,әр елдің шыршасына саяхат жасайды. Бүгін, бізде ертегімен бірге жаңа жылды атап өтеміз. Бәрімізге құтты болсын!

Жаңа жылға арналған өлең-шумақтарына кезек берейік. Ортаға келеді:

Тақпақтар: С.Әділ, София, Медет, Медина,Зере.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар.

Тәрбиеші: Балалар,сендер, ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме!

Балалар: Иә

Тәрбиеші: Ертеде, бір ата мен әже болыпты. Екеуі тату-тәтті өмір сүріпті. Ата мен әженің  бір шұбар тауығы болыпты. Күндердің күнінде сол шұбар тауық бір жұмыртқа тауыпты. Ол жай жұмыртқа емес, алтын жұмыртқа болады.

Әже: Шал-ау, барып ұядан жұмыртқа қарап келші?

Ата: Жақсы

Әже: Ой, қандай керемет. Міне, ғажайып. Жаңа жылда ғажайып болады деген рас екен. Мына жұмыртқа жылт-жылт етеді. Өзі қызық жарылмайды.

Шал, мүмкін сен жарып көресің

Ата: Жақсы. Мына жұмыртқа жарылмайды.

Әже: Одан да сен барып, балта алып кел

Ата: Жақсы

Залға музыкамен тышқан жүгіріп кіреді.

Тышқан: Жаңа жыл келді! Жыл басы мен тышқан боламын. Құтты болсын!

Тәрбиеші: Сол кезде ата балтаға кеткен кезде, тышқан байқамай жұмыртқаны қағып кетеді. Жұмыртқа жерге түсіп жарылып қалады. Ата мен әже болса, ренжіп көңілсіз қалады. Тышқан, алды-артына қарамастан кетіп қалады.

Тауық : Жыламаңыз ата, жыламаңыз әже, мен сіздердің көңілдеріңізді көтеремін. Сіздерге арналған сыйлығым болсын.

Тауық: Балалар, маған сендердің көмектерің кажет. Ата мен әжеге бәліш пісіруге жұмыртқа керек. Жаңа жылда көңілдерің көтерейік.

Ойын : « Кім жылдам»

Шарты: Балалар, екі топқа бөлініп, екі ыдысқа жұмыртқаларды жинап береді.

Тәрбиеші: Рақмет, балалар. Өздерің шапшаң, әрі жұмыртқаны сындырмай жинап бердіңдер.

Келесі кезекте шұбар тауығымыз өз шөжелерімен бір би билемекші.Ортаға кішкентай балапандарды шақырайық.

Би: «Көңілді балапандар»

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, рахмет. Балалар, ортадағы шыршамыз әдемі. Бірақ, шыршамыздың шамдары жанбай тұр.

Бізге шырша мерекесіне қонаққа кім келеді?

Балалар: Аяз ата.

Тәрбиеші:Балалар,бірақ шырша маңында аяз атамыз көрінбейді.Бәріміз бірге дауыстап шақырайық.

Балалар: Аяз ата, аяз ата.

Музыка әуенімен аяз ата келеді.

Тәрбиеші: Қош келдіңіз, аяз ата! Төрлетіңіз!

Аяз ата:   Амансың ба, ұлдарым!

                Амансың ба,қыздарым!

                Қандай әсем жүздерің

                Қандай мөлдір көздерің

                Керемет бір ән тыңдап,

                Келіп тұр-ау демалғым.

 

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе,біздің көптен күткен аяз атамыз.Сонау алыстан келдіңіз,біздің төрімізге төрлетіңіз.Біздің балаларымыздың шыршаға арнаған әндері бар еді.Бірақ,шыршамыздың шамы жанбай,көркі болмай тұр. Мүмкін,сиқырлы таяғыңызбен шамды жағып бересіз.

Аяз ата: Ал,балалар,сендерде маған көмектесіңдер.

Тәрбиеші: Балалар,бәріміз ортаға шығып,аяз атаның сиқырлы сөздерің бірге қайталайық.

Аяз ата: Олай болса,бастайық.

Бір,екі,үш

Шырша жарқырай түс.

Музыка әуенімен шырша шамы жанады.

Балалар,қанеки бәріміз орнымыздан тұрып,шырша әнін орындайық.

Ән: «Кішкентай шырша»

Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар.Рахмет.

  Аяз ата:  Қандай керемет.Сендердің өнерлеріңді тамашалап,бір көңілім көтеріліп қалды.

Бірақ, менде бос келген жоқпын,сендерге өзіммен бірге ойын ала келдім.Ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме?

Ойын: «Тығылмақ»

Шарты: Музыка әуенімен ойынды бастайды.Музыка қойған кезде,аяз ата тығылып қалады.Ал музыка тоқталғанда бәріміз аяз атаны іздеп тауып аламыз.

Аяз ата: Рахмет,балалар.Өздерің шапшаң жүгіреді екенсіңдер.     Тәрбиеші: Аяз ата, біздің балалар, сондай өнерлі. Сізге арнаған өлең-шумақтарын қабыл алыңыз.

Тақпақ: Аяулым, Ерзат, Әділ, Диляра, Мансур, Әдемі

Тәрбиеші:Рақмет, жарайсыңдар

Тәрбиеші: Балалар, биыл жыл басы тышқан. Жыл басы бізге жақсылық, бақыт әкелсін.

Би «Микки Маус»

Тәрбиеші: Жаңа жылдық мерекеге барлық балаларымыз аяз атаға арнап өлең-шумақтар жаттаған. Ортаға шақырайық Аружан, Зият, Фараби, Заңғар, Лейла

Тәрбиеші: Рақмет

Аяз ата: Тамаша, қандай ақылды балалар

Әже: Балалар, менің бәлішім пісті. Сендер, топтарыңа барып, бірге жеңдер.

Балалар: Рахмет

Тәрбиеші: Балалар,бүгін өзімізге көптеген  достар кезіктірдік.Сендерге бүгінгі мереке ұнады ма?

Балалар: Иә

Ән: «Шыршаға бардық»

Тәрбиеші: Балалар, біз бүгін ата мен әжемізді құттықтап, көңілдерін көтердік. Мерекелік көңіл-күй сыйладық.  Балалар, біздің өнерімізді аяз ата  да көрді. Бүгін, аяз ата құр қол келген жоқ өзімен бірге сендерге сыйлығы бар екен.

Аяз  ата сыйлық таратады.

Жүргізуші: Құрметті, қонақтар,ата-аналар,балалар! Бүгінгі шағын «Ботақан» екінші кіші тобының ертеңгілігін  аяқтай отыра, сіздерге ашық аспан, мол бақыт тілейміз. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!Келесі  кездескеше  сау болыңыздар.

 

 

 

                

Просмотров: 371


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст