«Күзгі жорық»
Балалар залға музыкамен кіреді, шеңбермен жүріп, жеңіл жүгіреді, үлкен шеңбер болып тұрады. Балалар тәрбиешімен бірге саңырауқұлақтар болып киінген.
«Күн сәулесі» атты қимылды ойын: балалар шеңбер болып тұрып, тәрбиешінің айтқан сөзі «күннің көзі бар» дегенде ашылып, «күннің көзі жоқ» дегенде ортаға жиналады.
Жүргізуші: Балалар, бүгін «Күз» мезгілінің соңғы күндері болғандықтан, осы мезгілді есте жақсы қалдыру үшін, бүгін жақсылап көңіл көтереміз. Бүгін бізге қонақ келіп, біздің жетістіктерімізді тамашалайды.
Жүргізуші: Ендеше, жақсы көңіл күймен ойындарға қатысуға дайынсындар ма?
І.Ойын: «Кім жылдам?»
Шарты: екі топка бөлінеді , әр топтан кезекпен бір баладан жүгіріп, шашылып жатқан «Көкөніс пен жемістерді» себетке бөледі. Орныңа жүгіріп, кезекті келесі балаға береді.
Сиқырлы әуенмен «Күз ханшайымы» ортаға келеді.
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Қалдарың жақсы ма? Мен Күз Ханшайымы едім. Күз мезгілі аяқталып қалды, менің көңіл күйім түсіп бара жатыр.
Балалар: Сәлеметсіз бе. Жақсы.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Ханшайым. Көңілізді түсірмеңіз, одан да біздің балалармен ойын ойнап, жақсылап көңіл көтеріңіз. Біздің балалар «Қолшатыр» деген ойынды жақсы көреді. Бәріміз бірге ойнайық.
ІІ.Ойын:«Қолшатыр»
Шарты: Балалар қонақты айналып тұрады, музыка әуенімен билеп жүріп, жаңбырдың дауысы болған кезде, «қолшатырдың» астыңа тығылуға жүгіреді.
Күз ханшайымы: Керемет, балақайлар. Көңілім көтеріліп кетті сендермен.
Жүргізуші:
ІІІ.Ойын: «Кім епті?»
Шарты: екі топка бөлінеді , әр топқа бір көлік беріледі. Ол көлікпен мәреге дейін келіп, қайта барып келесі балаға тапсыру.
Күз ханшайымы: Балалар, өте гапшаң ,ақылды балалар екенсіңдер. Сендермен танысқаныма қуаныштымын, енді менің қайта жолға шығуым керек. Сондықтан, келесі кездескенше , сау болыңдар!
Жүргізуші: сау болыңыз, Күз Ханшайымы. Ендігі жылы аман есен кездескенше.
Балалар: сау болыңыз!
Жүргізуші: Рахмет, ойыншылар, жарысқа барлығын қатыстындар.
Барлығымыз үлкен шеңбер құрып тыныс алу жаттығуларын есімізге түсіріп, бір демалып қайтайық.
Жүргізуші: Жарайсындар! Бүгінгі күзгі орманда болған «Күзгі жорық» атты ойын-сауығымыз аяқталды. Сау болындар! деп қоштасып балабақшаға оралайық.(балалар сапқа тұрып залдан шығып кетеді)
«Күн сәулесі» қимылды ойын
«Кім жылдам?» ойыны
«Күз Ханшайымының» ортаға келуі
«Қолшатыр» көңілді ойын
«Кім епті?» ойыны
Көңілді аяқталуы