Тақырыбы: «Қарақшылардың қызықты тапсырмалары»
Мақсаты: Балалардың көтеріңкі көңіл-күйлерін қалыптастыру, 1-10 дейінгі сандарды ажырата білу, апта күндерін, қағаз бетіне бағдарлауды атап беруге, геометриялық пішіндерді ажырата білуге үйрету. Балалардың белсенділіктерін, тапсырмаларды орындауға қызығушылықтарын оятып, тілдерін дамыту. Шапшаңдыққа, бір-біріне көмектесе білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: қайық, дүрбі, текшелер, үлестірмелі карточкалар,
Барысы: (балалар шеңбер бойымен тұрады, қарақшы кіреді)
Қарақшы: Бұл не, шу? Сендер кімсіңдер?
Балалар: Біз жас қарақшылармыз. Қазына іздеуге барамыз.
Қарақшы: Қайдағы қазына. Сендер тіпті қазынаны қайдан іздеуді де білмейсіңдер. Ал, мен білемін және дәл қазір сол қазынаны іздеуге кетемін.
Қарақшы: Жоқ. Мүмкін сендер маған көмектесерсіңдер? Сендер менің көмекшілерім болуға дайынсыңдар ма? Ендеше, менің бірнеше тапсырмаларым бар. Сол тапсырмаларды орындаған сайын біз қазынаға жақындай түсеміз. Алдымен, бойымызды сергітіп, қарақшылардың биін билеп, көңілімізді көтеріп алайық.
Би: «Қарақшылар»
Қарақшы: Билерің жақсы екен. Мен сендерді өз тобыма аламын. Бірақ, сендер менімен бірге қарақшылардың антын қабылдауларың керек. Оң қолымызды жүрегімізге қойып, басымызды иіп, тапсырмаларды дұрыс орындап, бір-бірімізге көмектесіп, қазынаны тауып алуға ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз!
Жарайсыңдар, балалар! Ендеше, барлығымыз кемеге отырайық.
Қарақшы:Балалар, міне біз жағалауға да келіп жеттік.
1-тапсырма: «Сандар аралы»
1-10 ға дейінгі сандарды жолақшаға реттік қатар бойынша орналастыр. Тура және кері санау.
Қарақшы: Осы аралда тағы қандай тапсырма бар екен? Жан-жағымызға қарайықшы? Ал енді, келесі тапсырманы іздейік. Ол жерде мүмкін қазына бар шығар? Міне келесі тапсырманы да тауып алдық!
2-тапсырма: «Ептілер мен шапшаңдар аралы»
Қағаз бетіне пішіндерді бағдарлау (үшбұрыш, цилиндр, шаршы, дөңгелек, сопақша)
Қарақшы: Міне, балалар, біз тапсырмаларды шапшаң орындап келеміз. Ал, тағы жасырылған тапсырмалар бар, соларды да тауып алуымыз керек. Дайынбыз ба? Ендеше, кеттік!
Музыка әуенімен балалар келесі тапсырманы іздейді.
3- тапсырма: Уақытты бағдарлау (таңертең қызыл текшемен, күндіз сары текшемен, кеш көк текше, түн қара текше)
Қарақшы: балалар, сендер апта күндерін білесіңдер ме? Ал, қане кім маған апта күндерін шатаспай айтып береді? Ендеше, осы апта күндерін маған алдарында жатқан дисктар арқылы көрсетіп беріңдерші?!
4-тапсырма: «Апта күндері»
Қорытынды: Менде сендерге риза болдым. Сендер өздеріңнің білімдеріңнің, ептіліктеріңнің, бір-біріңе көмектеріңнің арқасында қазынаны тауып алдыңдар. Бұл жай қазына емес, ол сендерге келешекте сәттілік әкелетін медальдар. Осы медальдарды алған балалар, мектепке барғанда жақсы оқитын,бір-біріне көмектесетін болады. Сонымен қатар, сендердің жақсы еңбектерің үшін тәтті сыйлықтарда бар. Ал, енді кемемізге отырып, бақшамызға қайтайық. («Достық» әнімен балалар балабақшаға қайтады.)