Бөлімі: Сурет
Тақырыбы: «Кірпіге көмек»
Мақсаты: Балаларға күз мезгіліндегі табиғат ерекшеліктерді атап, ажырата білуге үйрету. Дәстүрлі емес сурет салу тәсілін қолдану арқылы балалардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру, ой-қиялдарын, саусақ моторикасының ептілігін дамыту. Ұқыпты сурет салуға, қажетті түстерді қолдана білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: шам, ақ қағаз, су бояу, щетка
Оқу қызметі кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық –қозғаушылық. |
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Күзде қандай өзгерістер болады? Ал, күзді не ссебепті алтын күз деп атаймыз? Қоңыр күз деп неге айтамыз? |
Балалардың жауабы |
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
|
Балалар, қане, барлығымыз көзімізді жұмып, күз мезгілін көзімізге елестетейікші?! Осы кезде жылап кірпі кіреді. Кірпіжан, сен неге жылап тұрсың? Сені біреу ренжітті ма? Кірпі: Мен қысқыға азық-түлік жинаймын деп орманымнан адасып кеттім, енді орманға қайтуға көмек керек. Адасып жүріп, сендердің дауыстарыңды естіп келдім. Маған көмектесесіңдер ме? Тәрбиеші: Ой, кірпіжан, сен қорықпа. Біз тұрғанда сен адаспайсын.Солай ма,балалар?! Кірпіге көмектесеміз бе? Балалар, бүгін біз кіріпіге көмектесу үшін күзгі орманның суретін бейнелейміз. Сурет салуға дайынсыңдар ма? Бүгін біздің сабағымыз өте ерекше болады, себебі біз дәстүрлі емес, ерекше тәсілмен орындаймыз. Тәрбиеші: Кірпіжан, міне көрдің бе, біз саған күзгі орманды салып бердік. Енді сен қысқа жинаған азық-түліктеріңді өз орманыңа апаруыңа болады. Кірпі: Балалар, сендерге үлкен рақмет. Сендер болмасаңдар, мен өзімнің орманыма жете алмайтын едім. Міне, мен өзімнің қысқа дайындаған азығымнан да сендерге тастап кетейін. Қазір күн суық,сондықтан да сендерде көп дәрумендер жеп жүріңдер. Ауырмаңдар! Ас болсын! Сау болыңдар. |
Балалар көздерін жұмып, күз мезгілін елестетеді.
Балалардың жауабы.
Балалардың жауабы.
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды |
Рефлексивті- түзетушілік
|
Балалар, бүгін біз неге көмектестік? Кірпі қалай адасып қалған? Бүгінгі оқу қызметі сендерге несімен ұнады? Ал, несімен ұнамады? Ұнаса алдарыңда тұрған краска бояуына қолдарынды малып, ақ қағазға күннің көзін Сабақ көңілдеріңнен шықпаса, онда сары түсті жапырақты ілесіңдер. |
Балалардың жауабы
Балалар өз ойларын жапырақты ағашқа ілу арқылы жеткізеді. |
Күтілетін нәтиже:
Болу керек: Көрнекіліктер және оқу қызметіне деген қызығушылық;
Біледі: күз мезгілінің ерекшеліктерін;
Меңгереді: сурет салу техникасын;