Оқу қызметі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: «Күлше қыздың тапсырмалары»
Мақсаты:Балаларды 1-10 дейін тура және кері санауды қайталату. Ақ қағаздың бетіне пішіндер мен геометриялық денелерді, сандармен уақытты бағдарлауды қалыптастыру және апта күндерін атап шығу. Логикалық білімдерін арттыру.
-Балалар, қараңдаршы, бізге көп қонақтар келіп қалған екен. Қане, барлығымыз амандасып алайық!
(балалар келген қонақтармен амандасады, осы кезде Күлше қыз кіреді)
Тәрбиеші: Күлше қыз, сен неге жылап тұрсың?
Күлше қыз: Менің өгей шешем және әпкелерім бүгін мерекелік кешке барады. Сол кешке меніңде барғым келеді. Бірақ, өгей шешем маған көп тапсырмалар берді. Мен сендерден көмек сұрап келдім, сендер маған көмектесесіңдер ме? Мерекеге басталуына 20 мин уақыт қалды, мен сол уақытқа дейін өгей шешем мен әпкелерімнің тапсырмасын орындауым керек. Олар маған мына дәндер мен жаңғақтарды бірге қосып жіберді, мен оларды әрқайсысын бөлек жинауым керек.
Тәрбиеші: Ал, балалар, Күлше қызға көмектесеміз бе? Күлше қыздың мерекелік кешке баруға 20 минут уақыты қалды, егер осы 20 минуттың ішінде, Өгей шешесімен, оның үш қызының тапсырмаларын орындасақ, ол мерекеге барады.
Өгей шешенің тапсырмасы:
«10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау»
Ойын: «Көршісін ата»
Өгей шешенің 1-қызының тапсырмасы:
«Кеңістікті бағдарлау» «Уақытты бағдарлау» «Апта күндері»
Дидактикалық ойын:«Сезіну жәшігі» пішіндермен
Өгей шешенің 2-қызының тапсырмасы:
Логикалық ойындар
1 жылда неше ай бар?
Туған күн 1 жылда неше рет болады?
Сәрсенбі аптаның нешінші күні?
Қыстан кейін қандай жыл мезгілі келеді?
«Дәндермен жаңғақтар»
Тәрбиеші: Балалар, міне өгей шеше мен 2 қызының тапсырмасын орындап шықтық. Енді, Күлше қызда мерекеге қуана баратын болды.
Күлше қыз кіреді: Балалалр, сендерге үлкен рахмет. Тапсырмаларды орындап болдыңдар ма? Міне, қараңдаршы, мен мерекелік кешке дайынмын. Бірақ, менде аяғыма мына туфлиім тым кішкентай болып тұр. Не істесем екен? Ол мерекеге туфлисіз баруға болмайды.
Тәрбиеші: Күлше қыз менің балаларым тапсырмаңды орындап шықты, мына туфлиін тым кішкентай екен. Не істесек екен? Күлше қыз, мына кішкентай туфлиді қорапшаға сал, ал енді балалар өзіміздің сиқырымызды көрсетейікші? Мен бұрыннан бір сиқырды қолданушы едім, қане барлығымыз сол сиқырлы сөздерді айтайықшы?
Ақалай-мақалай.
Сүф-сүф-сүф!
Осы кезде қораптан туфли алып шығу.
Күлше қыз: Ой, керемет жақсы болды ғой. Мына туфли шап-шақ екен. Рахмет сендерге. Менде сендерге еңбектерің үшін өзімнің тәтті сыйлықтарымды алып келдім.
Күлше қыз шығып кетеді.
Қорытынды:
-балалар, кімге біз көмектестік?
-Күлше қыздың тапсырмалары ұнады ма?
-қандай тапсырмалар орындадық?
-қандай тапсырмалар сендерге қиын болды?
Кімге бүгінгі оқу қызметі ұнады, сол бала мына көңілді күліп тұрған смайликті алсын.
Ал, кімге тапсырмалар аздап қиындау болды, көңілсіз смайликті аламыз.