Білім беру саласы: «Таным»
Оқу іс-әрекеті:Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: «Уақытты бағдарлау»
Мақсаты:1.Уақытты бағдарлауды , апта күндері, ай ларды атауын үйрету
2. 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға , салыстырып,теңестіруге, қағаз бетінде бағдарлай білу дағдысын бекіту және логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
3.Байқампаздыққа, ептілікке, есте сақтау дағдыларына тәрбиелеу.
Әрекеттердің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ұйымдастырушылық- оқытушылық, қызықтыру-шылық |
Шаттық шеңбер: Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік. Күлкі - көңіл айнасы, Күліп өмір сүрейік. |
|
Ұйымдасты-рушылық – ізденішілік
|
-Сәлеметсіңдер ме балалар.Балалар,мен білімпаз Үкімін. Бүгін мен сендерді өзімнің орман мектебіме шақырамын,келісесіңдер ме?Ендіше менің мектебімде математика сабағына қатысып өз білімдерімізді шынықтырамыз,қызықты ойын тапсырмалар дайындадым.
* Қане балалар, есімізге түсірейікші, бір жылда неше мезгіл бар? * Осы төрт мезгілді атайықшы. * Ал, қазыр жылдың қай мезгілі?
*Осы қыс мезгілі айларын атап беріндерші.
*Бір аптада неше күн бар?атап беріндерші. * Қыс мезгілінде қандай күн құбылыстары болады?
* Өте жақсы айттыңдар, дұрыс.
Ал енді орнымызға орналасып бейне таспаға назар аударайық.
1.тапсырма:«Уақытты бағдарлау» Бір тәулікте неше бөлігі бар? атап бер, және үстел үстінде мен атаған пішінмен тәулік бөліктерін белгіле. 1.Машина суретін таң бөлігіне қоямыз. 2.Допты түс бөлігіне қоямыз. 3.Шыршаны кеш бөлігіне қоямыз. 4.Теледидар суретін түн бөлігіне қоямыз.
2.Тапсырма: Миниларчикпен мен атаған пішінді жасап бересіндер. 1.Оң жақ жоғары бұрышындағы торкөзге сары үш бұрыш қоямыз. 2.Төмен сол жақ бұрышындағы торкөзге қызыл шаршы қоямыз. 3.Сол жақ жоғары бұрышына көк тікбұрыш қоямыз. 4.Оң жақ төмен бұрышына күлгін түсті дөңгелек қоямыз. 5.Дәл ортасына жасыл түсті сопақшаны қоямыз. 3.тапсырма: Сергіту сәті: Мынау менің жүрегім Осыдан бәрі басталды Мынау менің басым Осы бәрін басқарған Мынау менің оң қолым Мынау менің сол қолым 1-2-3 жинап алдық күш.
4.тапсырма: Қуыршақтарды сандармен белгілеу, 1-10 дейін тура-кері санау . Түстерін атап,айырмашылығын табу, оң жақ -сол жақтағы қуыршақтын түстерін атап, реттілік сандарды атап бер.
5.Логикалық есептер: 1. Бес алманың үшеуін, 2. Екі қоянда неше құлағы бар? 3. Бес бұтақты шыршада, 4. Қолымды 5 алма, табақта 2 алма, 5. Бөлменің 4 бұрышы бар, 6.Жанып тұрған 4 майшамның 2-уі сөніп қалды. 6.тапсырма: Алдымызда манка ұнтағына,сұқ саусақпен мен атаған пішінді жасап бер. Жарайсындар , балалар, керемет тапсырманы орындадыңдар. Үкі: Жарайсындар балалар сендер өте ақылды, жақсы қатысып тапсырманы орындапсындар . Сендерде өз ризашылығымды білдіріп мен сендерге арнаған өз сыйлығым бар,соны сендерге табыс етейін. Қош сау болындар. |
Балалар бұл орман ғой. Үкімен амандасып орман мектебіне шығады.
Бір жылда 4жыл мезгілі бар. Қыс, көктем, жаз, күз. Желтоқсан, қантар,ақпан. Бір аптада7 күн бар.(апта күндерді атайды) Қыста қар жауады,боран соғады,көктай- ғақ,суық жел.
Бір тәулік 4 бөлікке бөлінеді. Таң,түс,кеш,түн.
Үстел үстінде берілген суретпен белгілейді.
Балалар миниларчикпен тапсырманы орындайды, геометриялық пішіндердің орналастырады.
Балалар бірге айтып, қимылмен көрсету.
Қуыршақтарды санап, санды тура-кері атап,түстерін аңықтап берді. Сандарды 1-10 дейін орналасты рады, тура-кері санайды,оң жақ-сол жақты аңықтайды.
Екі алма қалады.
Екі қоянда 4 құлағы бар.
Шыршада алма өспейді.
Барлығы 7алма
Барлығы 4мысық болды.
2 майшам қалды.
Манка ұнтағынан үш бұрыш, шаршы, дөңгелек пішіндерді жасайды.
Балалар қоштасып орманнан балабақшаға қайтады. |
Рефлекстік- түзету. |
|
Орманға үкінің білім мектебінде тапсырмалар орындадық. |
Білу :Уақытты бағдарлау,1-10 дейін санау тапсырмаларын орындауды.
Игеру: уақытты бағдарлауды.
Меңгеру: Сандармен есеп шығарып, уақытты бағдарлау дағдыларын меңгерді.