Оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Сөздік қорын , сөйлеу мәдениетін, логикалық ойлау қабілеттерін, тапқырлығын дамыту.
Басталған нәрсені аяқтауға, еңбекті бағалауға тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Әдіс -тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ - жауап, көрсету,орманға саяхат, ойын , тақпақтар, жұмбақтар, сөз ұйқас.
Барысы:
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі.
-Дұрыс айтасыңдар балалар.
- Мен сендерге жұмбақ жасырамын
Шанамен зырғып желетін
Коньки шаңғы тебетін.
Аққала жасап ойнайтын
Бұл қай мезгіл деп ойлайтын. Қыс.
- Балалар бүгін біз қысқы орманға саяхатқа шығамыз. Оның ішінде неше түрлі ғажайыптар күтіп тұр. Ал енді жиналуымыз керек. Бірінші шалбарымызды киеміз, аяқ киімізді киеміз, үстімізге тонымызды киеміз, басымызға тымағымызды киеміз, мойнымызға мойынорағышымызды киеміз. Енді шанамызға отырып орманға саяхатқа кеттік.
-Балалар қараңдаршы, біз қайда келдік?
-Орманға.
- Бұл орманда не көріп тұрсыңдар? Ал енді орманның ішінде не жатыр?
- Ол қар.
-Иә дұрыс айтасыңдар.
- Қар қандай түсті?
- Жылы ма суықпа?
- Әрине суық.
-Ал енді саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. Балалар мынау қандай жануар қыста ұйықтап жатқан. Аю. Дұрыс айтасыңдар. Аю қыста ұйықтайды.
Аю:-Кім мына жерде сөйлеп мені оятып жіберді.Е-е балақайлар орманға келіп қалыпты ғой. Хош келдіңдер менің орманыма. Өзіме қыс ұнайды. Қыс туралы тақпақтар білемін. Сендермен бірге жаттайыншы. Далада қар борайды.
Тақпақ «Қыс»
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жып-жылтыр боп қатады.
-Рахмет .Енді естеріңе сақтаңдар. Енді мен ұйықтаймын.
Түлкі: Сәлеметсіңдерме, балалар. Мен қыста ұйықтамаймын. Сендерді тосып жүрмін. Жұмбақтар дайындап қойдым.
Жұмбақтар.
Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады. Ол не? (Қар)
Қолы жоқ сурет салады
Тісі жоқ тістеп алады. (Аяз)
Қоян: Сәлеметсіңдерме, балалар. Кім маған жауап береді? Мен қыста қандай түсті боламын? Мен қасқырдан қорқып ақ тонымды кидім. Мен сендерге « Сиқырлы текшелер» деген ойын ала келдім. Бірақ мен аязда желде тоңамын. Мына сиқырлы текшелерден әңгімені дұрыс құрастырып берсеңдер, үй болады. Балалар мен сендерден көмек сұрап отырмын. Қатты жел аяздан мен тоңып жүрмін. Маған бір пана керек. Сендер әңгімені дұрыс құрастырсаңдар мына текшелерден үй құрастырылады.
-1. Қыста не жауады? (Қар жауады)
-2. Жел көтерілсе не болады? (Боран болады)
3.Құстарға не шашамыз?( Жем шашамыз)
4. Балалар не істеп жатыр?( Аққала жасап жатыр)
5.Балалар не істеп жүр? (Шана теуіп жүр)
-Жарайсыңдар балалар! Рахмет сендерге.
Тәрбиеші: Міне біз орманды аралап қыс туралы көп білдіңдер. Саяхат ұнады ма сендерге. Қай жануарлардың тапсырмалары ұнады. Енді балабақшамызға қайтайық.