Тақырыбы: Біз спортты сүйеміз.
Мақсаты: Баспалдаққа өрмелеуге жаттықтыру, тепе – тендік сақтап зат үстінен аттап жүруді қалыптастыру. Оң, сол аяқпен секіруді дамыту.
Міндеттері: Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, сөс ұстануды қалыптастыру.
Ептілік, шапшаңдық, батылдық, тепе- тендік физиологиялық сапаны дамыту.
Ұйымшылдыққа, шешім қабылдай білуге, дене тәрбиесіне қызығушылыққа тәрбиелеу.
Құралдар: гим. орындық, кубиктар, таяқшалар, доптар, құрсаулар
Ұйымдастыру бөлімі: Сап түзел, тік тұр!
Денің сау болсын десең
Спортты қолда сен!
Қайырлы таң балалар! Сендерді жақсы көңіл күймен көргеніме қуаныштымын! Балалар, біздің көтеріңкі көңіл күйімізді не көтереді? (ойындар, қызықты спорттық жаттығулар)
Спорт бәрімізге қажет
Спортты біз сүйеміз
Спорт- денсаулық,
Спорт- ойын,
Спорт- ура!ура!ура!
Оңға бұрыл, алға қадам бас.
Кіріспе.
Сап тізбекпен жүру, аяқ ұшымен, өкшемен, қол жоғарыда, қол артта, тізені көтеріп шапалақтап жүру,қос аяқпен алға жылжып секіру ,бір қырыннан жүгіру , төрттағандап жүру, жеңіл жүгіру, жүру.
1саптан 3колоннаға бөліну.
ЖДЖ «Таяқшалармен»
Б.қ. н.т. қол төменде, 1- қол жоғарыда, оң аяқты артқа созу; 2- б.қ. 3- қол жоғарыда, сол аяқты созып аяқ үшына қою, 4- б.қ. (6-7 рет).
Б.қ. 1- таяқша алда, оң,сол қолмен таяқшаны тігінен көтере бұру (5-6 рет)
Б.қ. аяқ иық бойымен, 1- таяқша жоғарыда,2- желкеде, 3- оңға иілу; 4- б.қ. келу, 5- солға иілу, б.қ.6- төмен түсіту. (3-4 рет)
Б.қ. аяқ иық бойымен, таяқша желкеде, 1-2 оң тізеге, 3-4 сол тізеге салмақ түсіру (5-6 рет)
Б.қ. аяқ иық бойымен,1- арқамен жату, таяқшаны бастан асыра ұстау, 2- аяқ қолды тік көтеру , таяқшаға жеткізу (5-6 рет)
Б.қ. таяқшаны тура қойып алға – артқа секіру, бір қырыннан секіру (6-7 рет)
Б.қ. тыныс алу жаттығуы «Сырнай»
3колоннадан 1 сап тізбекке жинала жүру, таяқшаларды қою.
Негізгі жаттығу.
Ең мықты спортсмен болу үшін жақсы нәтижеге жету үшін көп жаттығу керек. Бізде нағыз спортсмендер сияқты жаттығуды бастайық.
Кедергі жолдар.
Ойын жаттығу: «Кім епті?» (доппен)
Шарты: балалар 2 колоннаға бөлінеді.
1.Нұсқаушы лақтырған допты бала қағып алып қайта нұсқаушыға лақтырады да колоннаның сонына барып тұрады.
2.Допты бір- біріне бастан асыра беру, артқа екі аяқтын арасынан бастаушыға жеткізу.
Релаксация. Йога элементімен.
«Ағаш» асанасы (арқа омыртқасына, тепе- тендік сақтауға, дұрыс тыныс алуға пайдалы).
Б.қ. сол аяқпен тұрып, оң аяқты сол аяққа тіреу.
«Құрбақа» асанасы (жұрек, аяқ бұлшық еттерін, тыныс алуды нығайтады, көңіл күй көтеріледі).
Б.қ. 1-аяқ ұшымен жүрелеп отыру, өкшені түйістіру, арқа тік, тізе екі жақта, қолды тізе арасына тік ұстап еденге тіреу; 2 – аяқты тік ұстап көтерілу, басты төмен ұстау.
«Пантера» асанасы (арқа, мойын, иыққа, омыртқаға пайдалы, иілгіштікті дамытады).
Б.қ. тізерлеп тұру, қолды иық бойымен еденге қою; терең тыныс алып арқаны иіп басты жоғары көтеріп артқа тастау, осы қалыпта 1-2 сек тұру; демді шығара басты төмен түсіріп иекті кеудеге тіреп, арқаны жоғары көтеру.
«Кобра» асанасы (жүйке жүйесін, тыныс алу жолынын қысылуын, арқа бұлшық еттерін түзелуін нығайтады).
Б.қ. қолды бүгіп, аяқты қосып ішпен жату; мойынды созып иекті еденге тіреу; баспен иықты арқаның көмегімен баяу көтеру; қолды тіреп төбеге қарау; осы қалыпты 3-5 сек ұстау.
Рефлексия
Қандай жаттығуларды орындадық? Сендерге ұнады ма? Не қиынға түсті?
Жарайсыңдар балалар! Нағыз спортсмен спортпен шұғылданып жүру керек. Сау болыңдар.