Логопедиялық ашық оқу қызметі
Тақырыбы: «Дыбыстар еліне саяхат»
Мақсаты: «С» және «Ш» дыбыстарын буында, сөзде, сөйлеу барысында машықтандыру. Әртүрлі тапсырмалар арқылы дыбыстарды анық, дұрыс айтуға үйрету, ақыл-ой белсенділігін дамыту. Арттерапия технологиясының элементтерін қолдану арқылы балалардың ұсақ қол моторикасының ептілігін, шығармашылықтарын арттыру. Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ұжымдық жұмысқа тәрбиелеу.
Барысы:
-Балалар, көңіл-күйлерің қалай?
-Жарайсыңдар. Бүгін бізді «Дыбыстар елінің ханшайымы» шақырды. Сендер барғыларың келе ме? (Осы кезде Ханшайым кіреді)
Ханшайым: -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің әріптерімді сиқыршы ұрлап алып кетті, сендер менімен дыбыстар еліне барғыларың келе ме? Маған сендердің көмектерің керек.
Логопед: -Жарайды, балалар, біз Ханшайымға әріптерін қайтаруға көмек береміз бе? Балалар, дыбыстар еліне біз мынандай ақ бұлттармен барамыз. Әр баланың шарында сурет ілінген, ол суреттер неге ұқсайды екен? Сол бұлттағы суреттер біздің дыбыстар еліне баратын билеттеріміз. Сендер осы суреттерді атап айтасыңдар және сол суреттің соңғы дыбысынан басталатын сөзді тауып айту керек. (Балалар тапсырманы орындап, шеңберге тұрып, шеңбер бойынша жеңіл жүгіреді, сосын тоқтайды)
Логопед: -Балалар, міне, біз де дыбыстар еліне келіп жеттік.
(Ханшайым әдемі қорапшалардағы тапсырмаларды балаларға береді)
1.Сөзжұмбақ
Ш |
а |
р |
А |
т |
а |
Н |
а |
н |
А |
р |
а |
С |
у |
|
А |
н |
а |
Н |
а |
р |
2.Артикуляциялық жаттығулар: «С» және «Ш» дыбыстарына арналған: «Жалпақ тіл», «Саңырауқұлақ», «Дәмді тосап», «Тісімізді тазалайық»
«Жалпақ тіл»-Ауызды кішкене ашып, жымиып жалпақ тілді астыңғы ерінге қою керек. 1-ден 5-ке дейін санап, осы қалыпта ұстап тұру керек.
«Саңырауқұлақ»- ауызды кең ашып, жалпақ тіл ұшын таңдайға жапсырып ұстау керек (тіл саңырауқұлақтың қалпағына, ал керілген тіл асты сіңірі оның түбіртегіне ұқсайды)
«Дәмді тосап»-жалпақ тілмен жоғарғы, астыңғы ерінді жалап ауыз қуысына кіргізу.
«Тісімізді тазалайық»-ауызды кішкене ашып, жымиып, тістерді көрсетеміз. Тілдің ұшын оңға, солға, жоғары, төмен жылжытып «Астыңғы тістерді тазалаймыз».
3.Музыка терапия (аспаптармен) балалар әртүрлі аспаптармен табиғат құбылыстарының дауыстарын, өз есімдерін, басқа да дыбыстарды аспаптарда ойнау арқылы көрсету керек.
«Музыка терапия»-қолданылатын аспаптар: барабан, бубен, силафон, сазсырнай, тұяқ, сырнай (баян), қасықтар.
Дауыстар:
Найзағай, жел, поездың дауысы, қоңырау, аттың жүрісі, жаңбыр, ағып жатқан су.
4.Суреттерден буындарды тауып сөз құрау, оқу, сол сөзден сөйлем құрастыру.
От, он, сана, ата, шана, ту, ана-алдымен балалар шыршадағы әріптерді, буындарды қосып сөздерді оқиды, сосын осы сөздерден сөйлемдер ауызша құрастырып айтады.
5.Арттерапия көпіршіктермен –балалар түрлі түсті бояу қосылған суды үрлиді,өзінің үрлеген көпіршіктерін неге ұқсайтынын әңгімелейді.
6.Саусақтар саяхаты-балалар екі-екіден жұптасып отырады. Бірінші бала ұсақ ойыншықтарды саусақтарымен сипап көреді, сосын көзін жұмады. Екінші бала екі ойыншықты әртүрлі бағытта манка ұнтағының кез келген жеріне орналастырады. Көзі жұмылған бала екі саусақпен жүріп отырып, ойыншықтарды тауып алады.
7.Құмнан балалардың қалаулары бойынша ертегі кейіпкерлерін мүсіндеу, ұжымдық жұмыс жасау. Содан кейін өздерінің жасаған кейіпкерлері туралы әңгімелеп айтып береді.
8.Рефлексия
-Балалар, сендер бүгінгі саяхаттан қандай әсер алдыңдар?
-Сендерге дыбыстар туралы тапсырмалар ұнады ма?
-Кімге жеңіл болды? Мүмкін кейбіреулеріне тапсырмаларды орындау сәл қиын болған шығар? (Балалар өз ойларын айтады)
Ханшайым: -Балалар, сендерге рахмет. Сендер бүгін маған көмектестіңдер, мынау сендерге тәтті сыйлық.
Логопед: Балалар, менің де сендерге көңілім толды, сендер бүгін өте жақсы жұмыс істедіңдер. Енді бүгінгі саяхаттан алған әсерлеріңді көңілді, көңілсіз смайликтерді таңдау арқылы көрсетесіңдер. Мына әдемі күннің көзі одан сайын айналаға сәуле шашып жарқырау үшін өз қалаған смайликтеріңді жапсырыңдар.
-Ал енді әдемі бұлттарымызды естелікке алып, үйімізге қайтайық. Сау болыңыздар!