Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні: 12.11.20 ж
Білім беру саласы: «Таным».
Оқу қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Бөлме өсімдіктері.
Мақсаты:
Білімділік: Табиғат бұрышындағы өсімдіктерге күтім жасауда сәбилерді шамасы жетерлік іс-әрекетке қатыстыру (ірі жапырақтарды сүрту, гүлдерді суару). Тәжірибелік жұмыстар арқылы тазарту жолдарын анықтауға машықтандыру
Дамытушылық: Танымдық, ізденушілік жұмыстар арқылы балалардың
ой –өрістерін, қызығушылықтарын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Бірлесіп шешім қабылдауға, ұжым болып бір –бірлерінің ойын бөлісуге, өзара дос болуға тәрбиелеу
Әдіс – тәсілдер: Жоба, зерттеу,эксперимент, көрнекілік,ойын, сұрақ –жауап,әңгімелеу
Көрнекілік құралдар: Бөлме өсімдіктері, су құйғыш,
Билингвальды компонент: Комнатные растения
Әрекеттердің кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеттері
|
Балалардың іс-әрекеттері |
Ұйымдастырушылық – оқытушылық қызықтырушылық
|
Балалар біз гүлдер әлеміне қонаққа барамыз. Қонаққа немен барамыз? Біз қонаққа сиқырлы кілеммен барамыз. Қане, бәріміз сиқырлы кілемге отырайық. |
Ұшақпен, поездбен, жеңіл көлікпен, кемемен.
|
Ұйымдастырушылық Ізденушілік
|
Біз сиқырлы кілеммен келе жатқанда бір дауыс шығады.Көмектесіңдер, көмектесіңдер деген. Балалар естідіңдер ме, біреудің дауысы шығады. Жүріңдер барып көрейік кім екенін. Дюмовичка: балалар мен сендерді көріп,дауыстарыңды естіп келдім.Маған мерекеде досым гүл сыйлап еді, мен оған күтім жасай алмай өлтіріп алдым. Енді не істеуге болады? Досымнан ұят болды? Балалар біз дюмовочка көмектесеміз ия. Тәрбиеші: Дюмовочка сен уақытылы келдің біз гүлдер әлеміне бара жатырмыз. Жүр бізбен. Балалар залға кіріп гүлдер әлеміне таң қалады. Біздің кейіпкерімізге көмектесейік гүлді қалай баптау керек екенін көрсетейік.Енді орындыққа отырамыз қонағымызға гүлді қалай баптау керек екенін көрсетейікші. Балалар орындарына отырады. Тәрибеші: Өсімдіктердің өзі дала және бөлме өсімдігі болып екіге бөлінеді. Біздің бүгінгі сабағымыз бөлме өсімдіктері жайлы болмақ.Өсімдік өмір сәні,табиғат көркі,дәрі-дәрмек жасайды олардан. Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп қоймайды оған көрік беріп, үйдің ауасын тазартады. Бізге қуаныш сыйлайды, көңіліміз көтеріңкі болады екен. Тәрбиеші бөлме гүлдерін көрсетіп, әңгімелейді. Барлық өсімдіктер күнді және жарықты жақсы көреді, сондықтан да оларды терезенің алдына қоямыз. Қазтабан –Ғажайып өсімдік.Жапырағынан қайнтпа, езбе, компресс жасайды.Суық тиуден,қатерлі ісіктен пайдалы. адамның ашуын басады. Ол адам ашуланғанда сабыр сақтап, тынышталуына әсер етеді. Қазтамақ гүлі болған ортада тыныштық пен татулық орнайды. Фикус –Фикус гүлі жарықты сүйеді шаңсорғыш сияқты жұмыс жасайды. Ауадағы шаңды, бөлмедегі адамның қобалжуын, ашуын, көңілсіздігінен арылтады. Сырттан келетін кері әсерлерге кедергі жасайды. Сондай-ақ, бөлме ішін ылғалдандырып, уытты заттардан тазартады. Жапырақтары арқылы бөлме ішін шаң-тозаңнан сақтайды. Оттегіні күндіз бөліп, түнде жұтатын қабілетке ие фикусты жатын және балалар бөлмесіне қоймағаныңыз абзал. Шегіргүл-хош иісті,күлгін түсті гүл.Гүл тостағаншасының қалақшалары да, жапырақшалары да бес – бестен өседі.Шегірден пайдасы медицина саласы дәрі жасайды.Көк жөтелге,Ревматизмге пайдасы мол.Бүйреке тас болғанда, ұйқы қашқанда,жүрек соққанда қоладанады.Міне өсімдіктердің осындай адамға деген пайдасы бар екен. Өсімдіктер тек әдемілік сыйлап қана қоймай, адамның денсаулығына да жағымды әсер тигізеді. Гүл өскен ортада, тазалық, татулық пен бірліктің, жақсылық пен жомарттықтың болары сөзсіз. Гүлді тек бөлмеде ғана емес, жұмыс орнында, аулаға, демалыс орындарында, адам көп шоғырланатын жерлердің барлығына өсіру керек. Осы гүлдердің суарып баптауды үйренеміз. Біз қазір сендермен гүлді горшокке отырғызамыз. 1.Ыдысқа топырақ саламызда ,оның үстіне гүлді отырғызамызда ,үстінен су құйамыз.Міне балалар табиғат бұрышындағы гүлдерді осылай отырзызамыз.
Таяқшалар арқылы гүлдің топырағын қопсытамыз.
2.Гүлдердің жапырағын сүртеміз (қолғаппен)
3.Гүлдерді сурамыз Міне көрдің бе ,гүлдерді қалай баптау керек екенін. Кейіпкер: Рахмет, сендерге балалар енді білетін болдым,қазір үйге барып осының бәрін жасаймын. Рахмет,сау болыңыздар. Тәрбиеші: Балалар біз көмектестік гүлді қалай баптау керек екенін білетін болды.Біз енді өсімдіктермен бірнеше тәжірибе жасайықшы.
№1 «Топырық қандай?» Сендердің алдарында ыдыста топырақ бар,қолмен ұстап көреміз,иіскейміз,түсін анықтаймыз.Лупамен қараймыз Шешімі: топырақ қара түсті,иіссіз.
№2 Алдарыңда стакан сумен тұр, суға топырақ салып көрейік не болады,не шығады? Бақылаймыз. Шешімі: Топырақ та ауамен демалады,Суды бақылаймыз ,қандай өзгерістер болды? Суда көпіршіктер пайда болады?
№3 ыдыстагы суға сұйық май құйып,оның үстіне бояуды құйамыз. Шешімі: май суға араласпайды,біртіндеп бояу астына түседі |
Айғайлаған дауысты естіп елеңдейді
Назарларын аударып қарайды.
Зерханаға барып, орындарына тұрады.
Балалар тындайды
Балалар тыңдайды.
Қимылды қайтплайды.
Айтқан нұсқаулықты орындайды.
Суға топырақ салады. Бақылайды.
Суға бояуды қосады. |
Рефлекстік түзету |
Сендерге саяхатқа барған ұнады ма? Нені көріп үйрендік? Тәжірибе жасаған ұнадыма?
|
кілеммен
гүлдерді баптауды
ұнады |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Бөлме гүлдерінің , маңыздылығын түсінеді, біледі;
Игерді: Жоба әдісі арқылы тәжірибелер жасауды;
Меңгереді: Ұжыммен бірлесе, отырып қорытынды шешім қабылдауды;