«Анасын іздеген марғау» ойдан шығарылған ертегі.
Ерте, ерте, ертеде бір кішкентай марғау болыпты. Ол бір күні орманға барып, адасып қалады. Үйіне қарай қайтатын жолды таба алмай қалады, анасын қатты сағынады. Анасын іздеген марғау жолға шығады. Алдынан кірпі шығады.
Кірпі: Сен кімсің?
Марғау: Мен анамды іздеп жүрмін.Сен менің анам боласың ба?
Кірпі: жақсы, болсам болайын. Келе ғой, маған (екеуі құшақтасады)
Марғау: жоқ, сенің инелерің бар екен. Менің анам жұмсақ еді. Сен менің анам емесің дейді.
Кірпі: Жарайды, ендеше кірпі ары қарай кетеді.
Марғау тағы келе жатса, алдынан қасқыр шығады.
Марғау: Сен кімсің?
Қасқыр: Ыр-ыр , Сәлем!
Қасқыр: Сен не істеп жүрсің?
Марғау: Мен анамды іздеп жүрмін. Сен менің анам боласың ба?
Қасқыр: Ия, боламын (екеуі құшақтасады)
Марғау: жоқ, жоқ, менің анам ырылдамайды, Сен менің анам емессің.
Қасқыр; Жарайды, менің кетуім керек дейді.
Марғау тағы келе жатса, алдынан қарға шығады.
Қарға: қарр, қарр. Сен кімсің?
Мен марғаумын. Мен анамды іздеп жүрмін. Сен менің анам болшы.
Қарға: жарайды, болайын. Келе ғой дейді (екеуі құшақтасады)
Марғау: жоооқ ,сенің тұмсығың өткір дейді. Сен менің анам есмессің дейді.
Марғаудың көңіл – күйі түсіп келе жатса, алдынан мияулап өз анасы шығады.
Марғау: Анашым, мен сені іздедім
Анасы: Мияу, мияу. Сен қайда кетіп қалдың? Мен сені іздедім
(екуі құшақтасады)
Марғау: Анашым, мен орманда көптеген достармен таныстым.
Достарым, қайдасыңдар? Келіңдер, менің анам табылды.
Барлығымыз би билейікші. (ортада бәрі билейді)