"Күздің көңілді әуендері" ересек тобының ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті.Музыка жетекшісі Абильдинова М.А.
18.09.2026
"Күздің көңілді әуендері"
ересек тобының ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды күздіңтабиғат дыбыстары мен
әуендерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Музыкалық есту қабілетін, ырғақты сезінуді және аспаптарда ойнау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, әсемдікті сезінуге тәрбиелеу.
Іс-әрекет барысы
1. Кіріспе бөлім (Мотивациялық)
Балалар көңілді музыка әуенімен залға кіреді. Шеңберді айнала тұрады.
1.Шаттық шеңбері: «Сәлемдесу сәті» (балалар музыка әуенімен сәлемдеседі)
2.Тосын сый: (Экраннан күз ханшайымы сөйлейді)
-Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен күз ханшайымымын. Маған сендердің көмектерің керек.
Мен өзімнің әдемі әуендерімді жоғалтып алдым,соны маған тауып беруге көмектесіңдерші. Ол үшін менің тапсырмаларымды орындауларың керек! Сонда менің әдемі әуендерім табылады.
-Балалар күздің тапсырмасын орындамас бұрын алдымен оған арнаған әдемі әнімізді айтып берейік иә.
Ал әнді айтпас бұрын дауысымызды жаттықтырып алайық.
Дауыс жаттығуы жасалады.
-Жарайсыңдар балалар! Енді әдемі әнімізді айтайық.
Ән "Күз".
-Бәрекелді балалар, әнді жақсы айттыңдар. Енді мұқият үнтаспадан әуен тыңдайық.
"Жаңбыр " әні тыңдалады. (Экраннан көрсету)
Балалар ән қандай көңілді ме, көңілсіз бе?
Тапсырма: Балалар жауап береді.
-Өте дұрыс айтасыңдар балалар! Енді ойыншық аспаптарды қолымызға алайық. Оркестр ойнайық.
Музыкалық аспаптарда ойнау: «Көңілді оркестрі»
Қоңыраулар: Судың сылдырын береді.
-Балалар күз мезгілі келіп. Қандай керемет иә, балалар!
Ендеше қолымызға жапырақтарымызды алып би билеп берейік.
Би: «Жапырақ биі»
Балалар қолдарына жапырақ ұстап, жеңіл вальс әуенімен айналып билейді. Бұл балалардың эстетикалық талғамын қалыптастырады.
-Жарайсыңдар балалар, әдемі жапырақтарымызды құмыраға салайық.
Балалар қараңдаршы мына жақта бір дыбыс естіледі,бұл кім болды екен?
-Торғайдың шиқылдаған үні естіледі балалар маған ағаштан ұя жасап беріңдерші менің жылы ұям жоқ, мен тоңып кеттім, маған көмектесіңдерші,
ағаштан ұя жасап беріңдерші!
-Балалар торғайға көмектесеміз бе?
Ән-ойын "Торғайға ұя жасайық"(ағаш таяқшалармен )
-Балалар, міне біз ағаштан кесіп, сүріп,шегемен қағып, торғайға ұя жасадық.
-Балалар, торғай сендерге рақмет айтып, сендермен бір ойын ойнағысы келіп тұр екен. Ендеше торғаймен ойын ойнайық.
Қимылды ойын: "Торғайлар мен ұялар"
-Жарайсыңдар балалар!
3.Қорытынды
Рефлексия: Күздің қандай дыбыстарын естідік? Қандай аспаптарды пайдаландық? Біз кімге көмектестік?
Мадақтау:
Экраннан күз ханшайымы сөйлейді:
-Балалар сендер менің тапсырмаларымды орындап, менің көктемгі әуендерімді тауып бердіңдер.
Сендерге көп рақмет! (Балаларға «Күз» сыйлықтар береді)
-Сау болыңдар, балалар!